20

жыл
девелопмент саласында

Біздің аумақта өндірілетін барлық бетон бұйымдар ресейлік "Мастек-Лидер" машиналарында дірілмен баспалау жолымен жасалады, осылайша құю тәсілімен дайындауға қарағанда өнімнің беріктігін арттырады. Әрі қарай біздің өнімдер 8 сағат бойы булағыш камерада жылы және ылғал өңдеуден өтеді, онда бетон қажетті беріктікке жетеді. Дайын өнім сапа бақылауынан өтеді. Осыдан кейін өнімдеріміз пайдалануға дайын болады.

2001 жылдан бастап
базарда
2001 жылдан бастап
базарда
Сапа 
сертификаты
Сапа
сертификаты
Меншікті 
өндіріс
Меншікті
өндіріс
Өнімнің 
төзімділігі
Өнімнің
төзімділігі

ПРОМКОМПЛЕКТ-Б құрылыс компаниясы 2001 жылы құрылған.

Компанияның негізгі қызметі тұрғын үй кешендерін, әкімшілік ғимараттар мен құрылыстарды, басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандарды салу болып табылады.

Өндірістік база құру үшін 2003 жылы Алматы қ., Рысқұлов даңғылы, 57Г мекенжайындағы ауданы 0,7933 га жер телімі сатып алынды.

2004 жылдан бастап қабырғалық және арақабырғалық блоктарды, сондай-ақ абаттандыру элементтерін (жаяужол жиектасы, жаяужол тақталары мен басқа да бетон бұйымдары) шығару жолға қойылды.

Біздің аумақта өндірілетін барлық бетон бұйымдары ресейлік "Мастек-Лидер" білдектерінде дірілмен баспалау жолымен дайындалады. Бұл құю тәсілімен дайындауға қарағанда өнімнің беріктігін арттырады. Әрі қарай біздің өнімдер бетон қажетті беріктікке жеткізілетін булағыш камерада жылы және ылғал өңдеуден өтеді. Осыдан кейін дайын өнім сапа бақылауынан өтіп, паллеттерге салынып, жөнелтуге дайын болады.

Сонымен қатар Рысқұлов даңғылы, 57Г мекенжайындағы өндірістік база аумағында тұтастырғыларды арматуралауға және кірпіш қалауға арналған тор шығару жұмысы іске қосылды. Әртүрлі металл бұйымдар (баспалдақтар мен балкондарға арналған қоршаулар, қоршау конструкциялары) дайындалады. Металлпластик терезелер, есіктер және зерәйнектер шығаратын цех (250 ш.м. астам) бар.

«ПРОМКОМПЛЕКТ-Б» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарына (I және II санаттар) мемлекеттік лицензия алып, 15 жылдан астам Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп келеді.

2019 жылы «STROYKOMPLEKT-B» ЖШС өндірістік компаниясы тіркелді. Сондай-ақ Алматы облысы, Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округы, Жармұхамбет ауылы, «Жетісу» автоматтандырылған сақтау кешені мекенжайындағы ауданы 3,24 га болатын 400-ғимараттан екінші өндірістік база сатып алынды. Мұнда:

  • аспалы краны бар ауданы 1 447 ш.м. болатын цех;
  • ауданы 449,7 ш.м. әкімшілік ғимараты,
  • барлық маркалы (қуаты 45м³/сағ) дайын бетон өндіретін БАТ (бетон араластырғыш торап) бар. Бетон жеке бетон араластырғыш машиналармен жеткізіледі.

2020 жылы теміржол тұйығы пайдалануға берілді және:

  • Автоклавты газ блогын өндіру зауыты;
  • Құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін және металл және иілген пішіндер (швеллер, бұрыштық) дайындайтын цех іске қосылды.

Металл бұйымдарын сатамыз.
Өз көлігімізбен жеткіземіз.
Автокрандарды, мұнара крандарын, ұзын жүк көліктерін, манипуляторларды және басқа да арнаулы техникаларды жалға беру қызметтерін ұсынамыз.